Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады?

Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады?
Елордада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад өтеді, – деп хабарлайды aikyn.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Мерекелік шеруге  4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшақ пен тікұшақ тартылады.

Әскери шеруді республикалық телеарналардан,  еліміздің барлық қаласындағы LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.