Skype 5 мамырдан бастап қызметін тоқтатады

Skype 5 мамырдан бастап қызметін тоқтатады
Бейнеконференцияға арналған Skype платформасы 5 мамырдан бастап қызметін тоқтатады.

Оған Zoom секілді танымал бағдарламалар тарапынан бәсекенің артуы себеп.

Енді Майкрософт компаниясы пайдаланушыларының аккаунттарын Тимс платформасына көшіреді.

Skype 22 жыл бұрын іске қосылды. 2011 жылы оны америкалық Майкрософт компаниясы сатып алған.
 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.