Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейтілді

Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейтілді
Бұл туралы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті хабарлады.

Бұл шара елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға бағытталған.

Көліктік бақылау инспекторлары 7 наурыздан бері ауыр салмақты автокөлік құралдарына бақылауды күшейтті.

Оған 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды.

Бұл шара биылғы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.