Өнеркәсіп өрістеп, өнім еселенуде

Өнеркәсіп өрістеп, өнім еселенуде
«Қазфосфат» ЖШС химия өндірісі саласының алпауыты екені белгілі.

«Қазфосфаттың» қарышты қадамы көз қуантады

Кәсіпорын өнімдері елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге де экспортталады. Сондықтан өндіріс орны Жамбыл облысының ғана емес, мемлекетіміздің де мақтанышы екені хақ. 

«Қазфосфат» ЖШС-ның іргетасы 1999 жылы 27 қазанда қаланды. Қазіргі таң­да кәсіпорында 3 244 адам еңбек етсе, олар ел игілігі үшін аянбай тер төгуде.

– Кәсіпорынның басты өнімі – NP 10-46 аммофосы. Бұл – өнімділікті арт­тыра­тын, өсімдіктердің тамыр жүйесін кү­шейтетін және олардың бейімделу қабі­ле­тін жақсартатын тиімді фосфор-азот тыңайтқышы. Өнім Қазақстанның ауыл шаруа­шылығында кеңінен қолданылады және Еуропа елдеріне, Орталық Азия мен Ре­сей Федерациясына экспортталады. Зауыт жылына шамамен 600 тонна ам­мофос өндіреді. Бұл өнім жай ғана тыңайт­қыш емес. Ол еліміздің азық-түлік қауіп­сіздігіне, аграрлық сектордың тұрақ­ты дамуына және Қазақстанның халық­ара­лық аренада сенімді экспорттаушы ре­тін­дегі беделін нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда. 

Өздеріңіз білетіндей, соңғы кездегі сырт­қы факторлар біздің компанияның қар­жылық жағдайына айтарлықтай әсер етті. Өнімнің бағасы төмендеп, кейбір на­р­ық­та қол жетімді болмады. Газ, электр энер­гиясы, теміржол тарифі сынды тұрақ­ты шығындар өсті. Қиындықты еңсеру үшін компания акционерлері 200 миллион доллардан астам қаржы құйып, «бір жаға­дан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұды­рық­ша жұмылған бірлікті көрсетті. 

Уақытша қаржылық қиындықтарға қа­ра­мастан компания қызметкерлер ал­дын­дағы әлеуметтік жауапкершілігін орын­дап, олардың өмір сапасын арттыру ба­­­ғытынан айныған жоқ, – дейді «Қаз­фосфат» ЖШС Бас директорының Әлеу­мет­тік даму және мемлекеттік орган­дар­мен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Сариев.

Бүгінде өндіріс орнындағы орташа жа­лақы 474 165 теңгені құрайды. 2021 жыл­дан бастап «он үшінші» жалақы тө­лен­се, 2022 жылдан аз қамтылған қыз­мет­кер­лердің отбасыларына атаулы әлеу­мет­тік көмек (АӘК) көрсетілуде. Бұдан бө­лек, кәсіби мерекелер қарсаңында сый-а­қы­лар төленіп отырады. Инфляция дең­гейін ескере отырып, мамыр айында жұ­мыс­шылардың жалақысын тағы 10%-ға кө­теру жоспарлануда. 

2024 жылғы 1 маусымда жаңартылған ұжымдық шартқа қол қойылып, қазіргі таңда барлық баптары толық көлемде орын­далуда.

«Қазфосфат» ЖШС-да қызметкерлер­ді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ерек­ше назарда. Асханалар заманауи жаб­дықтармен жабдықталып, жұмысшыларға компания есебінен тегін ыстық тамақ бе­рі­луде. 

Тұрғын үй бағдарламасын жандан­дыруда да компанияның ұстанған бағыты айқын. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның сарабдал саясатын қолдай оты­рып, кәсіпорын мұқтаж азаматтарды тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге ерекше ек­пін беруде. Оған дәлел, «Қазфосфат» ЖШС Қаратау қаласындағы көппәтерлі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сон­дай-ақ 2022 жылы компания басшылығы қызметкерлеріне 72 пәтердің кілтін табыс етті. Қызметкерлердің балаларының бос уақытын тиімді пайдалану үшін үй жаны­нан баскетбол мен футбол алаңдары бой көтеріп, воркаут-аймағы бар жаңа саябақ­тар да елге есігін айқара ашты. Бұл бағыт­тағы жұмыстарға 1 367 млн теңге инвес­ти­ция бағытталған. 

«Қазфосфат» ЖШС-ның теңгерімінде Тараз қаласындағы «Жастар үйі» жатақ­ха­насы да бар. Жатақхана 54 бөлмеден тұра­тын болса, оның кілті кәсіпорынның 35 жасқа дейінгі жас, сондай-ақ отбасылы қыз­меткерлеріне берілуде. 

Компания қызметкерлерінің денсау­лы­ғына көңіл бөлу де маңызды міндет. Қыз­меткерлердің демалуына және сана­то­рий-профилактикалық ем алуына қо­лай­лы және ыңғайлы жағдай жасау мақ­са­тында Көктал емдеу-сауықтыру кеше­ні­нің емдеу-сауықтыру блогы мен 5 кор­пусына күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізілген. Жиһаз, интерьер және тұрмыстық тех­ника толығымен жаңартылып, ши­па­жай аумағы толықтай абаттандырылған. Сондай-ақ емдеу-сауықтыру процедура­ла­­рының тізбесін кеңейту мақсатында жаңа медициналық жабдықтар сатып алын­ған. Осының арқасында жылына 1 000-нан аса қызметкер денсаулығын сауық­тыруда. 

Компания теңгеріміне «Жұлдыз» ба­ла­­лар сауықтыру лагері де енген. Мұнда бір маусымда 250-ден аса кәсіпорын қыз­мет­керінің балалары демалуда.

– «Қазфосфат» ЖШС тек өз қыз­мет­кер­леріне ғана жағдай жасап қоймай, 2022-2025 жылдар аралығында өңір тұр­ғын­дарына жалпы сомасы 1,4 миллиард тең­гені құрайтын қолдау көрсетті. Бұл қара­жат денсаулық сақтау, білім беру, қо­ғам­дық бастамаларды қолдау мен абат­тан­дыру және қайта жаңғырту жұмыст­а­ры­на бағытталды.

Сонымен қатар компания қызм­ет­кер­лерінің біліктілігін арттыру, кәсіби ше­бер­ліктерін шыңдау бағытында да бел­сен­ді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің елімізде беделді шет­елдік университеттердің кемінде бес фи­лиалын ашу туралы тапсырмасын орын­дау мақсатында 2023 жылы 19 қаң­тар­да Дулати университеті, Д.Менделеев атын­дағы РХТУ және «Қазфосфат» ЖШС ара­сында қос диплом бағдарламасы шең­берін­де үшжақты меморандумға қол қойыл­ды. Осы мәміле аясында енді оқу ор­нын бітірген түлектер кәсіпорынға бір­ден жұмысқа алынатын болады. 

Компаниямыздың алға қойған жос­пары да жұмыр. 2030 жылға қарай ми­не­ралды тыңайтқыштың өндірісін арттыру көз­делуде. Ол үшін жұмыс істеп тұрған қуат­тарды жаңғырту бойынша ауқымды бас­тамалар қолға алынуда. 

Мақсатты жобамыздың бірі – Жаңатас қа­ласында қуаттылығы 1 млн тонна ам­мо­фосты құрайтын жаңа химия кешенін салу көзделуде. Жобаны іске асыру мер­зімі – 2028 жыл. Жобаның мақсаты – MAP, DAP және NPK(S) премиум бренд­терімен өнім ассортиментін кеңейту. Сон­дай-ақ қо­сымша жұмыс орындарын ашу, – дейді Ерсін Сариев.

«Қазфосфат» компаниясының қыз­мет­керлері қоғамдағы маңызды нау­қан­дар­дан шет қалған емес. Түрлі деңгейдегі сай­лауларға қатысып, өздерінің азаматтық көзқарастарын да білдіруде. Бұдан бөлек, қыз­меткерлер Мемлекет басшысының сая­сатын қолдай отырып, еліміздің баян­ды болашаққа бастаған әр қадамына үн қосуда. Және де бұл бағыттағы жұмыстарға одан әрі де қолдау білдіріп, мемлекетіміздің кемел келешегі үшін аянбай тер төге бер­мек!

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы