Төтенше жағдайлар министрлігі дауыл туралы ескертті

Төтенше жағдайлар министрлігі дауыл туралы ескертті
Синоптиктер Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды деп болжады.

«Қазгидромет» РМК деректері негізінде Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға дауылды ескерту жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Дауылды ескерту: «Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: жауын-шашын, найзағай, бұршақ, тұман, желдің екпіні, дауыл, ауа температурасының күрт төмендеуі, үсік және шаңды дауыл.

Ауа райының нашарлауы кезінде: дауыл туралы ескертулерді қадағалау; алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту қажет, – делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.