400 мың доллар: «Титаник» апатынан аман қалған жолаушының хаты сатылды

400 мың доллар: «Титаник» апатынан аман қалған жолаушының хаты сатылды
Ұлыбританияда «Титаник» апатынан аман қалған жолаушының хаты бәс саудаға шығарылып, 400 мың долларға сатылды, - деп хабарлайды aikyn.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оны 1912 жылы 10 сәуірде полковник Арчибальд Грейс әйгілі лайнерге бірінші мінген күні жазған. Жолаушы жазбаларында кеме туралы алғашқы әсерімен бөліскен көрінеді. Тарихи құжат бастапқы құнынан 5 есе қымбатқа саудаланды.

Айта кетейік, «Титаник» кемесімен байланысты жазылған хаттардың ешқайсысы мұндай қомақты ақшаға сатылмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.