Үндістан мен Пәкістан әскери оқу-жаттығулар өткізіп жатыр

Үндістан мен Пәкістан әскери оқу-жаттығулар өткізіп жатыр
Екі жақ тіпті жойғыш ұшақтарын да ұшырған.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал 22 сәуірдегі оқиғадан кейін ушығып кетті. Сол күні белгісіз қарулы адамдар шекарааралық аумақта туристерге оқ атып, 30-ға жуық адам көз жұмған еді.

Үндістан шабуылға Пәкістанның қатысы барын айтады. Бірақ екінші тарап мұны жоққа шығарды.

Қазір екі мемлекеттің шекарасы жабық тұр. Дипломаттар кері қайтарылып, визалар күшін жойды. Шекарашылар бір-біріне оқ атқан. Екі елдің де ядролық қаруы бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.