– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдыққа арналған мерейтой сессиясы жоғары деңгейде өтті. Мемлекет басшысы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасында басымдық бүгінгі Ассамблеяның атқару жұмысының аясында өткен 30 жылға көз жүгіртті. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылда бірлік пен келісім аясында ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырды. Шүкірлік етуіміз керек. Енді осыны ыдыратпауымыз қажет. Ол үшін ұлтаралық қатынасқа сызат түсірмеген жөн. Ондай қадам жасалса, заң аясында жазалану керек. Осындай сәтте айтарым, бірлігі бар елге дастарқан жайса жарасады. Оның экономикасы өрлейді. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында көпұлтты мемлекетте барлық ұлт өкілдері сыйластық пен татулықта өмір сүріп жатыр. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! – дейді ол.