Президент бүгін бірнеше елшіні тағайындады

Президент бүгін бірнеше елшіні тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Жарлықтарымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, ал Сергей Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.