Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізеді

Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен  бейресми кездесу өткізеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізеді.

Бейресми кездесуі 21-22 сәуір күндері Түркістанда өтеді деп жоспарланған.

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.