Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов қарсыласымен тең түсті

Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов қарсыласымен тең түсті
Бокс кеші Калифорнияның (АҚШ) Коммерс қаласында өтті.

Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахметов мексикалық Элиас Эспадаспен бокстасты. 

Жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нәтижесінде екеуі де өз спорттық мансабында алғаш рет тең нәтиже көрсетті.

Еске салайық, осыған дейін бірінші орта салмақта С. Ахметов 15 кездесу өткізген. Оның 13-ін нокаутпен аяқтаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.