Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады
Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Мемлекет басшысына Ресей президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.