Көгілдір отын – өңірлік өрлеу өзегі

Көгілдір отын – өңірлік өрлеу өзегі
Қазақстанның газ саласы жаңа мүмкіндіктермен қатар, күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр.

Елдегі газдандыру деңгейі өсіп жатса да, өңірлер арасындағы теңсіздік, инфрақұрылымның тозуы және ресурстық базаның шектеулілігі сынды мәселелер әлі де өзекті. Геологиялық барлау мен өңдеу ісі жеткіліксіз болған­дықтан, ішкі нарықты толық қамту қиынға соғып отыр. Осы және өзге де маңызды мәселелер Астанада өткен Energy Trends форумында талқыланды.

Мемлекет басшысы ха­лық­­қа Жолдауында: «Са­­­ланы та­бысты дамыту үшін ин­вес­ти­ция­ның қайтарымын қам­­­тамасыз ете­тін пәрменді ынталандыру ша­ра­ларын қысқа мерзімде қабылдау, со­ның ішінде ақылға сыйымды та­рифтер мен көтерме бағаларды бел­гілеу керек. Газ кеніштеріне гео­логиялық барлау жасау үшін жаңа инвестиция тарту тұрғы­сы­нан алғанда бұл шаралар өте маңыз­ды. Әйтпесе, экономиканы қа­жетті көлемде газбен қамта­ма­сыз ету мүмкін емес», – деп атап өткен болатын. 

Президент тапсырмасы орын­ды ескерту. Бұл – тек энергетика са­ласына ғана емес, жалпы ұлттық эко­номиканың тұрақтылығы мен да­муына тікелей қатысты мәселе. Газ – өнеркәсіп, ауыл шаруашы­лы­ғы, коммуналдық сектор мен ха­лық тұрмысының негізгі энер­гия көзі. Егер ел ішінде газ тап­шы­лы­ғы туындаса, бұл біріншіден, өн­дірістің баяулауына, екіншіден, сырттан газ сатып алуға тәуел­ді­лік­ке, ал үшіншіден, тарифтердің өсуі­не әкеледі. Мұның бәрі түптеп келгенде, халықтың өмір сүру са­па­сына және мемлекеттің эконо­ми­калық егемендігіне әсер етеді.

Газбен қамтылған халық қатары көбейді

Сондықтан Жолдауда ай­тыл­ған мәселелер нақты әре­кетке үндейтін саяси сигнал деу­ге болады. Нәтижесінде, қазір Қа­зақстандағы газбен қамту дең­гейі 2022 жылдың басында 53 пайыз­дан 2025 жылға қарай 62,4 пайыз­ға дейін өсті. Тек 2024 жыл­дың өзінде еліміздің 9 өңіріндегі 107 елді мекенге газ тартылды. Бұл ша­мамен 300 мың адамның үйіне жылу барды деген сөз. Сонымен қатар Астана, Алматы және Шым­кент агломерацияларын газдан­ды­ру бойынша да ауқымды жұ­мыс­тар жүргізілді.

Сарапшылардың мәліме­тін­ше, соңғы үш жылда 2 миллионнан астам қазақстандық көмірден бас тартып, газға көшті. Бұл пеш жа­ғу­­мен байланысты қиындықтардан арылуға мүмкіндік берді. Елде газ­­дандыруды кеңейту үшін ау­қым­ды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

– Бүгінгі таңда еліміздегі газ­дан­дыру деңгейі 62%-ға жетті, бұл – 12 миллион 600 мыңнан астам адам деген сөз. Биыл бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарлануда. Мем­лекет 65 миллиард теңге бөл-ді – бұл қаражат 7-8 өңірде жаңа газ құбырларын салуға және ха­лық­тың газға қолжетімділігін кеңей­туге бағытталады, – деді Энер­гетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Сыртқы сын-қатерлерге қара­мастан, Қазақстан газдың тұрақты жет­кізілуін қамтамасыз етіп, газ жүйе­сінің сенімділігін арттыра алды. Өйткені президенттің тап­сыр­масы бойын­ша елде геоло­гия­лық барлау жұ­мыстары белсенді жүргізілуде, алғашқы нәтижелер де бар – жаңа газ кен орындары та­был­ды. Бұл жо­баларға қазақ­стан­дық және шет­елдік инвес­тор­лар қатысуда. Со­нымен қатар салаға цифрлық тех­нологиялар мен жасанды ин­тел­лект енгізілуде, бұл газ сала­сы­ның заманауи, технологиялық дең­гейге көтеріліп келе жатқанын көр­сетеді.

Энергетикалық қауіпсіздікке қадам

Сонымен қатар алдағы уа­қыт­та газ саласында ау­қым­­ды өзгерістер күтілуде. Мы­са­лы, Қашаған кен орнында газ өң­деу зауытының құрылысы кес­теге сәйкес жүріп жатыр. 2025 жыл бұл жобаның жүзеге асырылуын­да­ғы маңызды кезең болмақ. Ал фо­румда сөз алған Энергетика ви­це-министрі Әлібек Жаңауов  газ өңдеу зауыты мен газ құбыр­ла­рын салу елді мекендерді газ­дан­ды­румен және мұнай-газ химия­сын­да жаңа өндірістер құрумен қатар жүретінін айтты. Атап айтар болсақ, жақында Маңғыстау об­лы­сында құны 1,35 миллиард дол­лар болатын карбамид зауы­ты­ның құрылысы басталып, жобаға ин­весторлар тартылған. Бұл жоба елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды және ауыл шаруа­шы­лығы үшін азот тыңайтқыштарын өн­діру көлемін арттыруға кө­мек­те­седі. Мұндай газ-химиялық жо­­­­баларды дамыту – болашағы зор ба­ғыттардың бірі. Бұл салаға ши­кі­заттан өңдеуші экономикаға кө­шуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда газ қорының шек­­теулілігі мен жаңа кен орын­да­­­ры­ның игерілмеуі саланың да­муын тежеуде. Егер тиімді тариф­тік саясат пен көтерме бағалар рет­телмесе, шетелдік те, отандық ин­весторлар геологиялық барлау­ға қаражат құюға құлықсыз бола­ды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, газ саласына инвестициялық тартымдылықты арттыру – елдің энергетикалық қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің басты шарты.

Президенттің газ ресурс­та­рын арттыру жөніндегі тап­сырмасы аясында форумда Qazaq­Gaz және «ҚазАзот» компа­ния­сы арасында Ақтөбе облы­сын­дағы Солтүстік-2 учаскесі бойын­ша келісімге қол қойылды. «Қаз­Азот» гео­логиялық барлау кезеңін толық қар­жыландырады. Бұл – жаңа се­ріктестерді тартуға және тауарлық газ қорын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Қазіргі таңда нарықта қо­лай­лы жағдайлар жасалған. Біздің ком­пания сияқты инвесторлар газ кен орындарын игеруге қаржы са­лып, өз инвестициялары үшін жет­кілікті өтемақы алуда. Соңғы же­ті жылда компаниямыз геоло­гия­лық барлауға шамамен 32 мил­лиард теңге жұмсады және енді бұл бағытпен көбірек отандық ком­пания айналысатынына қуа­ныш­тымыз», – деді форумда сөз ал­ған «ҚазАзот» компаниясының бас директоры Арман Мәулешев.

Сала жүйелі геологиялық бар­лау және цифрлық шешімдерді ен­гізу арқылы дамып келеді. Жаңа газ кен орындарында алғашқы газ ағындары тіркелді. Жобаларға қа­зақстандық және шетелдік ин­вес­торлар тартылды. Алдағы басым бағыттар – жаңа газ құбырларын, өң­деу зауыттарын салу және жа­сан­ды интеллект негізіндегі тех­но­логияларға көшу.

QazaqGaz ұлттық ком­па­ния­сы­ның басқарма төрағасы Сан­жар Жәркешовтың ай­туын­ша, бүгінде гео­ло­гия­лық барлау бойын­ша жүйе­лі жұ­м­ыс жүргізілуде. 

– Газ өңдеу және газ-химия са­ласы бойынша Қашаған кен ор­нында Qazaq­Gaz екі газ өңдеу зауы­­­тын іске асы­ру­да. Оның бірі – жы­лы­на 1 мрлд тек­ше метр газ өн­діретін зауыт. Ал жаңа зауыт – жы­­­лына 2,5 млрд текше метр газ өң­деуге арналған, – деді ол.

Бағаны реттеуден бас тарту қажет

Сонымен қатар жиынға қа­ты­сушылар газ сала­сын­да­ғы бағаны мемлекеттік рет­теу­ден бас тартып, нарықтық бағаға кө­­шу­ге шақырды. Argus агентті­гінің кон­­салтинг жөніндегі вице-пре­зи­денті Сергей Агибаловтың ай­туын­ша, қазір ТМД елдерінің бар­лығы дерлік бағаны ұстап тұру жә­не халықты қолдау үшін газ ба­ғасын реттейді. Қазақстанда және Ор­талық Азия елдерінде газға ішкі сұраныстың өсуі баға белгілеу жә­не ресурстарды бөлу саласында жаңа шешімдерді талап етеді. 

– Біз Қазақстанда сұраныстың бел­сенді өсуін көріп отырмыз жә­не бұл ретте ішкі ресурсты қам­та­ма­сыз етуде біршама шиеленіс бар. Бұл әсіресе Өзбекстанда бай­қа­лады, ол 5-6 жыл бұрын өзін-өзі қам­­тамасыз ете алатын, қазір газ­ды бел­сенді түрде импорттайды, – де­ді Сергей Агибалов.

Мысалы, Қазақстанда 2030 жыл­ға қарай тауарлық газды тұ­тыну 44 млрд текше метрге дейін өседі, ал оны өндіру көлемі 39 млрд текше метр болмақ. Өзбек­стан­да бұл көрсеткіш біршама ар­тық. Көр­ші елде газды тұтыну 2030 жыл­ға қарай 63 млрд текше метр, ал өндіріс 45 млрд текше метр дең­гейінде қалады. 

Сұраныс күн санапы артып ке­ле жатқандықтан, сарапшылар ен­дігі кезекте бағаны да нарыққа сай белгілейтін уақыт жетті деген пі­кір­лерін алға тартты. С.Аги­ба­лов­тың пікірінше, бүгінде Қазақ­стан­да газ­дың бағасы төмен және бұл жағ­дай саланың тұрақты да­муы­на ке­дергі келтіреді.

– Төмен баға тамаша секілді бо­лып көрінгенімен, іс жүзінде бұл саланы дамытуға ұзақмерзімді қызығушылық тудырмайды. Тіпті, көп төлеуге дайын тұтынушылар да нарықтан қажетті көлемде газ таба алмайтын сәттер туындауы мүмкін, – деп түсіндірді ол.

Сарапшы сөзіне сүйенсек, газ ба­ғасы өзіндік құнынан төмен бол­са, ұзақмерзімді перспективада инф­рақұрылымның нашар­лауы­на, инвесторлардың кетуіне әсер етуі мүмкін. Бұл – сала үшін өте үл­кен тәуекел. Қазір Қазақстанда газ бағасы өңірдегі ең төмен баға деңгейінде қалып отыр. Көптеген көрші елдерде тариф бірнеше есе жо­ғары, ал табиғи газға бай Ре­сей­дің өзінде баға Қазақстанмен са­лыстырғанда 1,5 есе жоғары.

Сондай-ақ Сергей Агибалов қа­зіргі таңда көптеген мем­­­­лекеттердің газ бағасын түп­кі­лікті өнімнің құнымен байла­ныс­тыратын тетіктерді қолдана бас­та­ғанын атап өтті. 

Қысқаша айтқанда, бұл – газ ба­ғасын нақты экономикалық өні­м­мен байланыстыру арқылы бол­жамды, тұрақты баға құру те­тігі. Мұндай әдіс жеткізуші мен тұ­тынушы арасындағы мүдде те­пе-теңдігін сақтауға мүмкіндік бе­реді. Осындай жүйе, әсіресе валю­та нарығындағы тұрақсыздық кезеңінде, алдын ала болжам жа­сауға, тұрақтылық пен сенім­ділік­ке жол ашады.

«Бұл – қос тараптың да мүд­де­сін ескеретін бірден-бір әдіс. Ол ұзақ­­мерзімді тұрақтылықты қам­та­масыз етіп, есепке негізделген экономикалық жүйені қалыптас­ты­рады. Бұл тәсіл өз тиімділігін та­лай елдерде дәлелдеп үлгерді», – дейді сарапшы Сергей Агибалов.

Ол сонымен қатар Ресей мен Өз­бекстаннан газ импорттау – бо­лашағы бар бағыттардың бірі еке­нін атап өтті. Бұл елдерде газ ба­ға­сы біртіндеп нарықтық деңгейге жа­қындап келеді, қазіргі таңда мың текше метр үшін шамамен 90 доллар көлемінде.

«2027 жылдан бастап Еура­зия­лық экономикалық одақ аясында бірыңғай газ нарығын іске қосу жос­парланып отыр. Бұл бастама са­­ла үшін жаңа серпін беріп, өсу­дің жаңа белесіне жол ашады. Со­ны­мен қатар Ресейде газбен жұ­мыс іс­тейтін электр стансалары қар­қын­ды дамып келеді – бұл ба­ғыт­та да бірлесіп жұмыс істеуге кең мүм­кін­діктер бар», – деп түйін­деді ол.

Кәмила ДҮЙСЕН