Павлодар облысында ер адам көлігімен бірге суға батып кете жаздады (видео)

Павлодар облысында ер адам көлігімен бірге суға батып кете жаздады (видео)
Ер адам салоннан көліктің төбесіне өздігінен шыққан.

18 сәуір күні Екібастұз-Майқайың автожолында 40 жастағы ер адам шинаның жарылуы салдарынан көлікті басқара алмай, көлігімен Тұз көліне түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көлікте жалғыз болған ер адам салоннан көліктің төбесіне өздігінен шыққан. Мұны көрген куәгерлер 112 нөміріне қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады.

– Кәсіби құтқарушылар зардап шеккен азаматты жағаға эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Сондай-ақ көлік құралын да судан сүйреп алып шықты, – делінген ақпаратта. 

ТЖМ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеру маңызды екенін еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.