Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров ресми түрде некелесті

Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров ресми түрде некелесті
Айта кетейік, Айжұлдызға блогер Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.

Танымал әртіс әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров некелесті. Енді екеуі заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Бұл туралы олар өз Instagram парақшасында жариялады.

"Жаңа қадамның басы" деп жазған парақшада ерлі-зайыптылар суреттері салынған.

Естеріңізде болса, бұған дейін олар мешітте некесін қиған. Ол жайында ерлі-зайыпты жылдың басында қаңтар айында жария етті.  Айта кетейік, Айжұлдызға блогер Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.