Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады
Министрлік ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қатты жауын-шашын, найзағай, тұман, үсік, желдің екпіні, бұршақ, шаңды дауыл, ауа температурасының күрт төмендеуі мен көктайғақ болады деп болжайды синоптиктер.

Ауа райының нашарлауы кезінде:

 дауыл туралы ескертулерді қадағалау;

 алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту қажет, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.