6,4 миллиард теңге мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеу аяқталды

6,4 миллиард теңге мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеу аяқталды
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде  6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

«КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деп күдіктелуде.   

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған. Қылмыстық іс сотқа жіберіледі, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінде.    

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.