«Оскар» жүлдесіне жаңа номинация енгізіледі

«Оскар» жүлдесіне жаңа номинация енгізіледі
Америкалық кино өнері және ғылымдары академиясы үздік каскадерді марапаттайтынын жариялады.

Жаңа номинация үш жылдан кейін, яғни 2028 жылы салтанатты түрде табысталады. Сол жылы «Оскар» жүлделерін марапаттаудың 100-рәсімі өтеді. Онда 2027 жылы жарық көрген кинотуындылар сарапқа салынады. Осыған дейін «Оскар» сыйлығы атақты 3 каскадерге табысталды. Жүлдені 1966 жылы Яким Канутт, 2012 жылы Хэл Нидхэм және 2016 жылы Джеки Чан алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.