Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Діни басқарма – Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Діни басқарма – Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыдан тура 35 жыл бұрын Орталық Азия және Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасынан бөлініп, 1990 жылы дербес Діни басқарма болып құрылды. Содан бері Қа­зақ­стан мұсылмандарының қара шаңы­рағы – мүфтият еліміздің рухани дамуына, халқымыздың игілігі мен бірлігіне сүбелі үлес қосып келеді.  

Дін еркіндігін Қазақстан мұ­сылмандарының І құрылтайында мүфти болып сайланған Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазірет жа­риялаған еді. Ұстазымыз мұсыл­ман мемлекеттерімен тығыз қа­рым-қатынас орнатып, ын­­­ты­­­­мақ­­­тастықты арттыра түсті. Бірнеше мешіт салдыруға мұ­рын­дық болды. Халықтың діни сауа­тын ашуға маңыз беріп, бойын­дағы бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. 

Рәтбек хазіреттен кейін белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет 2000 жылы Қазақстан мұсылмандарының ІІІ құрыл­тайында Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасының тө­рағасы болып сайланды. Саналы ғұмырын ғылым-білімге арнаған ол дін саласында ақсап тұрған құжат мәселесін ретке келтіріп, ҚМДБ-ның жұмысын жолға қоюда үлкен еңбек сіңірді.

2005 және 2010 жылдары өт­кізілген Қазақстан мұсылман­дарының IV және V құрылтай­ларында мүфтилік лауазымға қайта сайланған Әбсаттар хазірет 2013 жылға дейін ҚМДБ-ның төрағасы ретінде ілкімді істердің ұйытқысы бола білді.

Әбсаттар қажы Бағысбай­ұлы­ның бас мүфтилігі кезінде респуб­ликамыздың 9 аймағынан 9 мед­ресе, 1 қарилар даярлайтын ор­­­та­лық ашылып, халықты діни сауаттандыру жұмыстары жаңа қарқынмен дами түсті. Осы жыл­дары имамдардың діни біліміне көбірек мән берілді. Бірнеше медресе ашылып, жоғары білімді діни кадрлар даярлайтын «Нұр Мүбәрак» университеті өз жұмы­сын бастады. Дін қызметкерлері мен халықты ағарту бағытындағы іс-шаралар мен игі жобалар жүзеге асты.

2013 жылы елордада Қазақ­стан мұсылмандарының кезектен тыс VII құрылтайы өтті. Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­ма­сының төрағасы болып сай­ланды. Ол дін қызметкерінің ұс­таз­дық тұл­ғасын қалыптас­тыруға күш салды. Шетелдік діни оқу орын­дарымен байланыс аясы кеңейіп, білім іздеген жастардың қатары көбейді. 

Діни басқарма жанынан Рес­публикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) құрылды. Еліміздегі ең білікті мамандардан жасақтал­ған ақпараттық-насихат тобының мүшелері еліміз бойынша түсін­дірме жұмыстарын жүргізіп, ха­лықтың діни сауалдарына жауап берді. Қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен дәріптелді. 

Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жүзеге асқан жемісті жобалардың бірі ретінде 2013 жылдың 25 желтоқ­санында құрылған Ғұламалар кеңесін атап өткен жөн. Кеңестің негізгі мақсаты – Ислам негіз­дері­не сүйене отырып, қоғам өмірінде мұсылмандық ұстанымға қатысты туындаған көкейкесті мәселелерді талқылап, дер кезінде шешім шы­ғару, пәтуа қабылдап, діни мәсе­леде ҚМДБ көзқарасын білдіретін құжат дайындау.

2017 жылдың 8 желтоқсанында Алматыда өткен Қазақстан мұ­сыл­ман­дарының VІІІ құрыл­тайында Бас мүфти лауазымына Серікбай қажы Ораз хазірет сайланды. Ол халықаралық әрі республикалық деңгейде ағар­тушылық бағыттағы жобаларды жүзеге асырды. Жаназа рәсімдерін бірізділікке түсіру мақсатында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы шығарылып, арнайы ереже бекітілді. 

Алланың қалауымен 2020 жыл­дың 7 ақпанында құрылтай делегаттарының қолдауымен Бас мүфти лауазымына сайландым. Содан бері сауапты да, жауапты қызметті жоғары деңгейде атқару­ға бар күш-жігерімді салып келе­мін. Осы жылдар арасында сынақты сәттер де аз болған жоқ. Алла Тағала Құранда айтқандай, қиындықтан кейін жеңілдіктер, яғни жетістіктер мен мүмкін­дік­терге жол ашылды. Республика­лық әрі халықаралық деңгейде ағартушылық, рухани, діни ба­ғыт­тағы жобаларды қолға алдық. 

Әйгілі Марал ишанның Кене­сары ханға сыйлаған Құраны табылып, оны Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемел­ұлының сенім артуымен киелі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіне қою мәртебесіне ие болдық.

Осы ретте айта кетер тарихи оқиға – қазақ топырағында тұң­ғыш рет Қазақстан Респуб­лика­сының ұлттық мерекесі – Респуб­лика күніне орай І халықаралық Құран жарысын жоғары деңгейде өткізіп алдық. 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын): «Сендердің ең жақ­сыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп айтқандай, біз Құранды үйреніп қана қоймай, оны үйретушілерден болуымыз керек. Осы хадисті іске асыру ниетімен ҚМДБ жанынан Құран секторын аштық.

Құранға қатысты тағы бір үл­кен жаңалықтың бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқарма­сының атсалысуымен мүфтият жанындағы Ислам ғылыми-зерт­теу институты Алтын Орданың билеушісі болған Өзбек ханның алтын сиямен жазылған Құраны­ның көшірмесін елге әкелді.

Игі істерімізді жүйелі түрде әрі ғылыми бағытта жүзеге асыру үшін Алматы қаласынан Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­масы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтын аштық. Ин­ститут ұжымы ғасырлар қой­науынан жеткен рухани-діни көне қолжазбалар мен ескі кі­таптарды зерттеп-зерделеу, олар­ға ғылыми сараптама жасап, ғы­лыми ай­налым­ға енгізу жұ­мыс­тарына кірісіп кетті.  

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелерімен өткен басқосуда: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теория­лық негізін дамыту қа­жет...» деген болатын. Ғылыми саладағы жұ­мыс­тарымыздың бірі де бірегейі – көптен бері қолға алған игі жо­бамыз – «Ислам эн­цикло­педия­сын» шығару бола­тын. Аталған жобаға 50-ге жуық ғалым үлес қосты. Бұл дәстүрлі дініміздің ғылыми-теориялық негізін дамы­туға бағытталған Қа­зақстан мұ­сылмандары діни бас­қармасы­ның ауқымды жобасы­ның бірі болды.

Былтыр еліміз Түркі мемле­кеттері ұйымына төрағалық етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзіміз бастамашыл болған Түркі мемлекеттері мүф­тилер алқасына төрағалық етіп, алқаның бесінші отырысын Ас­танада абыроймен өткіздік. 

Келешек ұрпағымызға ғасыр­лар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу – біздің діни саладағы басты міндетіміздің бірі болып қала береді. Себебі дәс­түрлі дінімізбен көкірек көзін суар­ған жастар жат ағымның жете­гінде кете қоймасы анық. Сол үшін «Дін мен дәстүр ІІІ» кіта­бын, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсыл­мандық мек­теп» еңбегін жазып, оны жастар арасында кеңінен дәріптеу ісін қолға алдық. 

Имамдарға терең білім беру мақсатында Астана қаласынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хуса­муддин әс-Сығанақи атындағы Ислам институтын аштық. Соны­мен қатар жас қариларды жігер­лен­діру мақсатында инсти­тут жанынан «Ижаза» беру орта­лығын аштық. Бүгінде Алатаудың бау­райындағы әсем Алматы қала­сында да Хусамуддин әс-Сыған­ақи атындағы ислам инсти­тутының филиалы жұмыс істейді. Аллаға шүкір, екі жылда 57 қа­риымыз ижаза куәлігін алды. 

Расында, бүгінгі заманда ақпарат  маңызды саланың біріне айналды. Осыған орай мүфтият жанынан арнайы медиаорталық аштық. Діни басқарманың төл телеарнасы – «Мұнара» арнасын ашып, оның Бас мешіттегі орта­лық студиясын, аймақтағы фили­ал­дарын іске қостық. Ғалам­то­р­дың мүмкіндігін пайдаланып, Мұ­нара ФМ интернет радиосын аштық.

ҚМДБ жанынан Стра­тегия­лық даму және талдау бөлімін ашудағы мақсат – күнделікті жұ­мыс­тарымызға, жалпы еліміздегі діни ахуалға тиісті талдау жасау. Соны­мен қатар аталған бөлім болжау, тәуекелдерді ескеру, қызмет­кер­лердің жұмыс тиім­ділігін анық­тау сынды жұмыс­тарды атқарып ке­леді.

Мешіттің атқаратын қызметі, қоғамдағы орны өте үлкен. Өйт­кені ол – руханият ордасы, оқу-білімнің орталығы. Аллаға шүкір, 2020-2024 жылдар аралығында еліміз бойынша 359 мешіт жама­ғаттың игілігіне берілді. Мешітке келуші жамағатқа қажетті жағдай жасау – басты міндетіміз. Біз осы бағытта республикалық және ха­лықаралық маңызы бар күре жол­­дардың бойында орналасқан 59 мешіт пен намазханадан ар­найы Жолаушылар бөлмесін аштық.

Алла Тағала «Әли-Ғимран» сү­ре­сінің 92-аятында: «Жақсы көр­ген нәрселеріңді Алла жолын­да жұмсамайынша, ізгілік пен кемел­дікке әсте қол жеткізе ал­май­сыңдар. Сондай-ақ қайыр-са­дақа ретінде не берсеңдер де, Алла оны біледі», – деген. Діни са­ладағы қайырымдылық жасау­дың тәсіл­дері де күн сайын даму­да. Бұл бағыт­тағы жұмысымызды дамыту үшін Уақып қорын аш­тық. Уақып – Алланың мүлкі бол­ғандықтан, аймақтардан әлеу­мет­тік аз қам­тыл­ған отбасы­лардан шыққан студенттерге арналған қайырым­дылық негізін­де мүфтият жатақ­ханаларын аштық. Бұл бірқатар отбасыға әлеуметтік тұрғыдан үл­кен қолдау болуда.

«Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы «Зекет Хаб» ор­та­лықтарын іске қосып, мұқ­таждарға әлеуметтік кеңес беріп, оларды кәсіп жүргізуге, маман­дық игеруге баулу жұмыстарын атқа­рып келеміз.

Еліміздегі мұсылман жама­ғаты­ның сұранысына орай жа­наза, жерлеу, қабір басына зират көтеру рәсімдерін бірізділікке түсіру мақ­сатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан QAMQOR-SHARAPAТ салттық қызмет көрсету орта­лығын аштық. Осы бастаманың аясында ҚМДБ Ғұламалар кеңе­сінде «Зират және зиярат мәде­ниеті», «Ас беру мә­дениеті» атты кон­цептуалды құ­жаттар қабыл­данды.

Алла Тағала Қасиетті Құран­ның «Әли Имран» сүресінің 103-аятында: «Барлығың Алла­ның дінін берік ұстаныңдар. Ешқашан бөлінбеңдер» делінген. Адам баласы ынтымақта өмір сүрсе, қарым-қатынасы берекелі болады. «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, ұйым жоқ болса, күйің жоқ» деген мақалдың мағынасы да өмірдің мәні бірлікте екенін мең­зеп тұр. Сондықтан біз діни сала­дағы игі істерді ауызбіршілік­пен әрі қарай жалғастыра береміз.