Президент «Тассай» индустриалды аймағындағы өндірістермен танысты

Президент «Тассай» индустриалды аймағындағы өндірістермен танысты
Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты.

Президент «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады. 

AMP

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. 

AMP

Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді. 

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді.