«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы ұсталды
Алматы қаласының Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды", — деп хабарлады ол.

Алматы қаласының Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

"Алмалы аудандық Полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.