Ақмола облысының Колутон ауылын су басты

Ақмола облысының Колутон ауылын су басты
Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасыды. Салдарынан ескі Колутон ауылын су басқан.

Қарғын су көшеге жайылғанымен, тұрғын үйлердің ішіне кірмеген. Қазір 1 000-нан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылды.

Ауылдан 21 адам эвакуацияланды. 100-ден аса ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.

Сондай-ақ Жақсы ауданындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай» тасжолын су шайып кетті. Ескертуді елемей өткен көлікті тасқын су жол жиегіне ағызып әкетіп, көлік жүргізушісі қайтыс болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз