АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды

АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды
TikTok әлеуметтік желісіне активтерді бөлу бойынша келісім Қытайдың АҚШ президенті Дональд Траммп тарапынан баж салығын енгізуіне байланысты келісім жасаудан бас тартатынын мәлім еткеннен кейін тоқтатылды.

Келісімді бұрын TikTok-қа иелік ететін қытайлық ByteDance интернет-холдингі мен АҚШ үкіметі мақұлдаған.

Дереккөздің хабарлауынша, келісім бойынша TikTok операциялары АҚШ-та орналасқан және негізінен америкалық инвесторларға тиесілі компанияға өтуі тиіс болатын.

Сондай-ақ келісімге сәтті қол қойылса, ByteDance компаниясының TikTok активтеріндегі үлесі 20%-дан аз болатыны хабарланды.

Еске сала кетсек, 20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-та TikTok-қа тыйым салуды талап ететін заңның орындалуын 75 күнге кейінге қалдыратын жарлыққа қол қойды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз