Мьянмада зілзаладан зардап шеккендер көмек ала алмай отыр

Мьянмада зілзаладан зардап шеккендер көмек ала алмай отыр
Мьянмада зілзаладан зардап шеккен тұрғындар гуманитарлық көмек ала алмай отыр. Оған қарулы қақтығыс себеп.

Табиғат апатына байланысты Ұлттық бірлік үкіметі мен әскерилер екі аптаға атысты тоқтатуға келіскен. Бірақ БҰҰ-ның өкілдері бітімнің бұзылғанын хабарлайды. 28 наурызда Мьянмада жойқын зілзала болды. Соңғы мәлімет бойынша 3 мың 300 адам көз жұмды. Қазір халықаралық ұйымдар мен әлем елдері мемлекетке көмек жіберіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз