Қазақстан могулшылары әлем чемпионатында екі рет үздік ондыққа енді

Қазақстан могулшылары әлем чемпионатында екі рет үздік ондыққа енді
Әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді.

Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-могулдан әлем чемпионатының жарыстары өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионатының негізгі жарыстарына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алған еді. Жарыс нәтижесінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко 10-орынға ие болды, ал Юлия Галышева 14-орынмен жарысты аяқтады.

Ерлер арасында жапондық Икума Хоришима жеңіске жетті. Күміс жүлдені канадалық Микаэль Кингсбери алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.