Қазақстанның ДСҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдардағы тұрақты өкілі тағайындалды

Қазақстанның ДСҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдардағы тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілін тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.