Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова тағы бір қарсыласын жеңді

Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова тағы бір қарсыласын жеңді
Алуа Балқыбекова екінші жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін, 11 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Алуа Балқыбекова марокколық Ясмин Мутакимен жекпе-жек өткізді.

Алғашқы екі раундта Алуаның басымдығы байқалып, нәтижесінде жеңіске жетті. Шешуші кезеңде де сол қарқыннан тайған жоқ. Төрешілер шешімімен ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.

Алуа бұдан бұрын 1/16 финалда кениялық Нзиваны жеңген еді. Енді ол ширек финалда түркиялық Айсен Таскинмен кездеседі. Жекпе-жек 13 наурызға жоспарланған.

Айта кетейік, Алуа – ел құрамасындағы тәжірибелі боксшының бірі. Әлем чемпионатында 2022 жылы күміс алса, 2023 жылы қола жүлдегер атанды. 2021, 2022 жылдарда Азия чемпионы болды.