49 жастағы Өзбекстан спортшысы Бакудегі жарыста алтын жеңіп алды

49 жастағы Өзбекстан спортшысы Бакудегі жарыста алтын жеңіп алды
Оксана Чусовитина – 1992 жылғы Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы.

49 жастағы өзбек гимнастика шебері Оксана Чусовитина Бакуде өткен әлем кубогының екінші кезеңінде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Сhampionat.com мәліметінше, ол төрешілерден 13,516 балл жинады. Екінші орынды словениялық Тея Белак (13,366), үшінші орынды Тьяса Кисселеф (13,283) иеленді.

Оксана Чусовитина – 1992 жылғы Олимпиада чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы. Ол мансабында КСРО, Германия құрамалары атынан шыққан. Өткен жылы спортшы 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуға талпыныс жасайтынын мәлімдеген еді. Егер іріктеліп, Лос-Анджелеске барса, оның тоғызыншы Олимпиадасы болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз