BI Group пен BAZIS миллиардтаған табысын салық органдарынан жасырып келген

BI Group пен BAZIS миллиардтаған табысын салық органдарынан жасырып келген
Олар арнайы салық режимін табысын жасыру үшін қолданып келген.

Қаржы министрлігі BI Group-тың 11,9 миллиард теңге, ал BAZIS-тің 4,6 миллиард теңге көлемінде салық салынатын кірісті төмендетіп көрсеткенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2022-2023 жылдарға жүргізілген тексеру барысында компаниялардың арнайы салық режимдерін (АСР) пайдаланатын субъектілермен өзара есеп айырысуларында сәйкессіздіктер анықталған.

«Талдау көрсеткендей, АСР бұл компаниялар тарапынан салық төлемдерін азайту үшін пайдаланылған», – делінген ресми хабарламада.

Қаржы министрлігі камералды тексеру процедурасы салық төлеушілерге аудиттен өтпей-ақ кірістерін реттеуге және салықты төлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.