Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жаңа төраға тағайындалды
Президент бірқатар тағайындаулар жасады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ агенттіктің бұрынғы төрағасы лауазымынан босатылғаны туралы:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлады Ақорда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.