Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды
Жол апаты салдарынан қайғылы оқиға орын алды.

Жол апаты бүгін, сағат 10:30 шамасында Өнеге ауылы тұсында болған. Белгілі болғанындай Казталов-Өнеге-Жәнібек тасжолында Ford Focus автокөлігі жолдағы ауыр жүк көлігін басып озу кезінде Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды  Aikyn.kz порталының тілшісі.

AMP

Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі айтты. 

– Жол апатынан төрт адам ауруханаға жеткізілді. Үш адам оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды, – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі. 

AMP

Естеріңізге сала кетейік, полиция өкілдері жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды сұрайды.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.