Taldau Talks подкасының жаңа шығарылымы жарияланды

Taldau Talks подкасының Қазақстандағы салық реформасына арналған жаңа шығарылымы Сенаттың YouTube-арнасында жарияланды. Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер Парламент депутаттарының қарауына ұсынылуына байланысты осы тақырыпты талқылау маңызды болып отыр.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика ми­нистрі Серік Жұманғарин, «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, сондай-ақ белгілі экономист Алмас Чукин үш сағаттық ашық әңгіме барысында салық реформасының алғы­шарттары және оның негізгі бағыттарын, еліміздегі бизнес пен жалпы экономика­лық жағдайға әсерін егжей-тегжейлі тал­дады.

Подкаста көтерілген мәселелердің қатарында ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту, бизнеске салық жеңілдіктері, мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, салық саясатының инфляцияға әсері, сондай-ақ өтемақы мен атаулы әлеуметтік көмек тетіктері бар. Сенат Төрағасы атап өткен­дей, салық реформасы Қазақстанның ұзақмерзімді дамуына бағытталған стра­тегиялық маңызды бастама болып табы­лады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оңтайлы және теңге­рімді салық жүйесін құру міндетін жүктеді. Сондықтан бәріміз осы маңызды, қажетті және тиімді құжатты қабылдау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Салық реформасы еліміздің ұзақмерзімді, сапа­лы және тұрақты дамуына, сондай-ақ бар­лық әлеуметтік міндеттемелерді орын­дауға бағытталған», – деп атап өтті палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев.