Сырдарияда сең қозғалды: Қызылорда облысында 29 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр

Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елді мекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды.

Сырдарияда сең қозғалды. Қазір өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындық жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 

Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Ал қауіпті саналған 5 учаске бақылауда.

Қазір солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы 20-40 см. Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елді мекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуі тиіс.

– Сеңнің жүруі байқалды. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттері қалыпты жағдайда. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Сонымен қатар 22 уақытша орналастыру пункті, 13 жылыту пункті жұмыс жасайды, – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.