«Отбасы банкінде» тұрғын үйді жалға алуға төлем қабілеттілігін растау рәсімі басталды

«Елорда жастары» бағдарламасына қатысушылар төлем қабілеттілігін қалай растай алады?

Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатыр, оған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша келісімшарты 2025 жылдың басында аяқталатын жастар қатыса алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

17 ақпаннан бастап «Отбасы банкінде» «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында осы азаматтарды одан әрі кредиттеуге төлем қабілеттілігін растау рәсімі басталды.

Төлем қабілеттілігін тексеруге жолдамаларды тұрғын үй орталығы электронды және қағаз форматта ұсынады. Электронды нұсқалар қатысушыларға WhatsApp арқылы көрсетілген телефон нөмірлеріне жіберіледі.

Біліктілік алу үшін қажетті құжат берілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды болады.

Жолдамасы бар жастарға квалификация алу үшін банк филиалдарына жүгіну қажет екен. 
Естеріңізге сала кетейік, «Елорда жастары» бағдарламасы жастарға жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынады. Қарыздың ең жоғары сомасы 18 миллион теңгені құрайды, бұл ретте жинақтау мерзіміне қарамастан, тұрғын үйдің нарықтық құнының 10 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна қажет. Несиелеу мерзімі 19 жылға дейін жетуі мүмкін. Бағдарламаға қатысушылардың бастапқы және қайталама нарықта өз тұрғын үйлерін сатып алу мүмкіндігі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.