«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ бүкіл республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі және тұман күтіледі.
Температура фоны тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер болжанбайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.