Өткен жылы қазақстандықтар қанша көлік сатып алып, тіркеді?

Өткен жылы қазақстандықтар қанша көлік сатып алып, тіркеді?
Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша көлік тіркелгені туралы арнайы ақпарат жариялады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2024 жылғы желтоқсанда есепке 181,9 мың бірлік автокөлік қойылған, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық екен, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 1 836,3 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған.

Жалпы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 744,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері төмендегі сызбада:

AMP

Жалпы 2025 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан автопаркінің шығарылған жылы бойынша көрінісі келесідей:

20 жылдан аса – 2 518,5 мың автокөлік

10-20 жыл – 1 361,7 мың автокөлік

7-10 жыл – 652,2 мың автокөлік

3-7 жыл – 838,8 мың автокөлік

3 жылдан кем – 362,6 мың автокөлік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.