Алматы облысында бәз біреу ауылды су астында қалдырды

Соның салдарынан төрт аула аумағын су басып, тұрғындарға қауіп төнді.

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көлашы ауылында белгісіз адам Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, бұл аулалар елді мекеннен тыс жерде, ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз салынған. Қазір жағдай бақылауға алынған.

Су тасқынын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 2 техника және 2 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шлюзді ашқан адамды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.