Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақтөбе облысы Алға ауданының «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолында жеңіл көлік жанды.
«Құтқарушылар өртті жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!», – делінген хабарламада.