Полиция департаментінің жұмысына мониторинг жасалды

Полиция департаментінің жұмысына мониторинг жасалды
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының пар­тиялық бақылау комиссиясы өңірдегі Полиция департа­ментінің жұмысына мониторинг жасады.

Мониторинг барысында сайлауалды бағдарламаның 2.6 тармағына сәйкес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын және бюджет қаржысының тиімді игерілуін бақылады.

Комиссия төрағасы Аят Сүгірбай, инс­пектор Арыстан Хибасов, комиссия мүшесі Людмила Мендіғалиева «Ынты­мақ» алаңында орналасқан полиция бе­кетінің жұмысымен танысты. Поли­ция бекеті тұрғындардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және тыныштықты сақ­тау үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Со­дан кейін жақында пайдалануға бе­ріл­ген №33 учаскелік полиция пунктіне бар­ды. Ғимарат тұрғын үйдің төменгі қа­батынан ашылған. Бұл полиция қыз­мет­керлеріне бекітілген аумақтарды ба­қы­лауға, жедел құқықбұзушылықтың ал­дын алуға мүмкіндік береді. Барлық по­лиция бекеті бейнебақылау каме­ра­сымен, қызметкерлер рация, бейнетір­ке­гіш арнайы құрылғысымен қамтама­сыз етілген. 

Сонымен қатар комиссия мүшелері об­лыстық ПД-нің жедел басқару орта­лы­ғына барып, қызметкерлердің жұмы­сы­мен танысты. Полиция қызметкер­ле­рінің айтуынша, Маңғыстау облысында 22 546 бейнебақылау камерасы бар. Бұл балабақша, мектептен бастап қаланың әр бұрышын бақылауға мүмкіндік бере­ді. Нәтижесінде, ақпанда 1 100 құқық­бұзу­шылық анықталып, 7 қылмыс ашыл­ды. Ал қаңтарда 27 қылмыс ашы­лып, 3 126 құқықбұзушылық анықталған. 

«Партияның сайлауалды бағдар­ла­ма­сына сәйкес, 2024 жылы облыстық По­лиция департаменті 15 қызметтік ав­токөлік алуы, 450 бейнетіркегішпен жаб­дықталуы, 9 жаңа учаскелік полиция бе­кеті ашылуы керек болатын. Бұл жұ­мыстарға жергілікті бюджеттен қаржы бө­лінген. Мониторинг барысында По­ли­ция департаменті қажетті материал­дық-техникалық базамен қамтамасыз етіліп, қаржы тиімді игерілгеніне көз жет­кіздік. Алдағы уақытта да полиция қыз­меткерлерінің жұмысына мони­то­ринг жасалады. Сондай-ақ тиімді ұсы­ныс­тары мен мәселесі қараусыз қалмай­ты­нын ескерттік», – деді партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы Аят Сүгірбай.

 Ә.САМАТҰЛЫ