Астанада ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Биылғы конференция бағыты заманауи, тарихи, жаңартылған көзқарастар мен көркем білім берудің көпвекторлы жүйесін дамыту мəселелеріне арналды.

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде  14-ші «Боранбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Биылғы конференция бағыты заманауи, тарихи, жаңартылған көзқарастар мен көркем білім берудің көпвекторлы жүйесін дамыту мəселелеріне арналды.

Пленарлық отырыстың спикері ретінде "Музыкалық орындаушылық және педагогика" кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Г. Хусаинова, өнертану кандидаты, “Музыкатану” кафедрасының профессоры Г. Ақпарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, "Кескіндеме" кафедрасының профессоры Б. Ижанов сынды ғалымдар баяндама оқыды.

Жыл сайын дәстүрлі өтетін конференцияға университет оқытушылары мен студенттері қатар, Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Ресей, Татарстанның  ғалымдары қатысты.