Оралда есірткі сатушы бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Күдіктінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі табылды.

Орал қаласының Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камералары есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдік тудырған адамдарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау барысында ЖБО инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күмәнді әрекеттерді байқап, оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлерін жіберген. Тексеру кезінде 20 жастағы азамат ұсталып, оның қалтасынан ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес есірткі заты табылды», – делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.