«Тыныс алудың өзі азап болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова сырқаты жайлы айтты

Айтуынша, дерттің себебін табу қиынға соққан.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кейінгі кезде денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол 2024 жылы жаз бойы ауруханада ем қабылдаған. Айтуынша, дерттің себебін табу қиынға соғыпты. 

«Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар», – деп жазды актриса әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, актриса алаяққа алданып, үйінен айырылып қалғанын айтқан еді. Ол әділдіктен үміт үзбейтінін, қазір іс Жоғарғы сотқа өткенін жеткізді.