8,5 миллион шабақ балық құтқарылды

8,5 миллион шабақ балық құтқарылды
8,5 млн шабақ Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды.

Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. Өңірдегі мамандар 21 қаңтарда таңға дейін 2 млн-нан астам шабақты құтқарған,  деп хабарлайды Аikyn.kz

Жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылыпты. Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.

Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.