Атырауда Бақсай каналында балық қырылып жатыр

Атырауда Бақсай каналында балық қырылып жатыр
Бұл жолы жаппай балық қырылу дерегі Атырау облысындағы Бақсай каналында тіркеліп отыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, қайраңдап қалған балықтар ауа жетпей қырылуда, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Каналдың бетін балықтың өлексесі жапқан. Шалажансар балықтар да жетерлік.

Атырау облысы әкімдігі балық қырылу фактісін растады.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы мен  Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары жұмыс істеуде. Құтқару шаралары туралы қосымша хабарланатын болады", - деп қысқа қайырды Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев.

Бұған дейін былтырғы тасқыннан соң, Атырау облысы бойынша қайраңдап қалған 8 миллионға жуық шабақ құтқарылған болатын.

Баян ЖAНҰЗАҚОВА, Атырау облысы