Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үй өртке оранды (видео)

Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үй өртке оранды (видео)
Өрттің себебі анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында шаруашылық құрылыс пен үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Төтенше жағдай Айыртау ауданы Лобаново ауылында болған.

– ТЖМ күштерімен өрт 135 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ақпаратта.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.