Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел екі күннен кейін айдаладан табылды

Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылды.

ТЖМ қызметкерлері Қостанай облысында екі күндік іздестіруден кейін әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ Жангелдин ауданында 2000 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары сәтті аяқталғанын мәлім етті. Ол 8 қаңтар күні кешке үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жоғалған адамды құтқарушылар айдаладан тауып алды. 

Құтқарушылар оны жылы машинаға отырғызып, ыстық шай беріп, жылынуға көмектесті. Құтқарылған әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, Торғай ауылының ауруханасына жеткізілді.

Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылды.