"Біз қона алмаймыз": Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысының соңғы сөзі жарияланды

Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірінің туысы жақынының соңғы хабарламасын жариялады.

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы туысына хат жазып үлгерген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірінің туысы жақынының соңғы хабарламасын жариялады.

"Ұшақ қанатына құс тиіп кетті,  біз қона алмаймыз", – деп жазған марқұм жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де.

Туысы бұл жағдай қашан болды деп сұраған.

"Дәл қазір. Соңғы сөздерді айтатын кез келген сияқты”, – деп жазған ол.

Осы хабарламадан кейін байланыс үзіліп кеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.