Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Саммит жұмысына Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

AMP

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

AMP

Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.