Астанада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райының нашарлауына байланысты қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті.

«2024 жылғы 9 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.