Баянауылда ағасы мен інісі суға батып кетті

Баянауылда ағасы мен інісі суға батып кетті
2013 жылы туған баланың денесін судан куәгерлер алып шыққан.

Баянауылда ағасы мен інісі суға батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған екі ағайынды суға шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен.

"2013 жылы туған баланың денесін судан куәгерлер алып шыққан. Таңертеңгі сағат 05.15-те ТЖД жедел құтқару жасағының бес құтқарушысы күшімен 2011 жылы туған баланың денесі табылып, судан шығарылды", – деп хабарлады департамент.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын суға түскен кезде ережелерді сақтауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.